Ерекше балаларға ерекше қамқорлық қажет. Ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұдайы жанашырлық танытып келеді. Бұл жолы олар «Мейірімді жүрек» байқауын өткізді. Ерекше балаларға арнайы маманның көмегімен массаж курсы ұйымдастырылды. Ата-аналардың айтуынша, мұндай ем-шаралар баланың денсаулығына оң әсер етеді екен.
Мария ШАГИРОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бала тек медициналық орталыққа барып, бір ем алып келгеннен гөрі 24 сағаттың ішінде бос уақыттарында ем қабылдап отырса, өте жақсы әрі баланың сауығуына да жақсы болады. Енді «NUR OTAN» партиясының үнемі осындай шараларды ұйымдастырып, үнемі балаларға көп көңіл бөлінсе, ол да нұр үстіне нұр болар еді осындай шаралар көбейсе.
Байқауда бағын сынаған балалар ермексаздан түрлі мүсіндер жасап, сурет салды. Сонымен қатар, ата-анасымен, достарымен бірге түрлі ойындарға да қатысты. Ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге ой-қиялын дамытатын құм терапиясы да ескеріліпті. Балалардың дамып-жетілуіне мұндай жаттығудың пайдасы зор, дейді мамандар. Сонда ғана қамкөңіл балдырғандар жағымсыз эмоциядан арылып, көңіл-күйі дұрысталады екен. Шара соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар беріліп, сыйлықтар табысталды.
Шаттық ӨТЕБӘЛИЕВА, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің болашағымыз балалар. Бүгін осы бірінші шарамыз басталып, әр айдың жұма күні осындай қайырымдылық шараларын өткізіп отыратын боламыз. Біздің «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау әркез болады, келіп жолығуларыңызға болады.
Е. Карин