Павлодар облысында 1 жастағы бала шелектегі суға тұншығып, көз жұмды. Оқыс оқиға Ақсу ауылдық аймағына қарасты Пограничник ауылында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған сәби абайсызда шелектегі суға құлап, тұншығып қалған. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады. Сондай-ақ, дәл осы күні елдімекеннің 22 жастағы тұрғыны суға шомылу кезінде өзенге батып кетті.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Суға тұншығып қайтыс болған балаға сот алды медициналық сараптама жасалды. Ал суға батқан 22 жастағы жігіттің денесі судан шығарылды.
Ө. Қуанар