Русский Сайттың толық нұсқасы

Грекияда орман өртеніп жатыр

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2021
  • 1186

Грекияның батысында   орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау Патра қаласына жақын жерде тұтанған. Жергілікті халықтың айтуынша, өрт айналаны жайпап барады.   Қауіпті аймақтағы елдімекен тұрғындары эвакуацияланған. Оттан қашқан тұрғындар теңізге жүгіруде. Биліктің дерегінше, соңғы тәулікте 58 дала өрті тіркелген. Бірақ оның дені    ауыздықталды.  

Ал Түркияда бір апта бұрын тұтанған тілсіз жаудан 8 адам мерт болып, 400-ден астам тұрғын жарақат алған.  Ел президенті өрттен зардап шеккен аймақтарды аралап, Адана, Анталия, Мугла, Мерсин және Османия провинцияларын апатты аймақ деп жариялады. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Елде әртүрлі пікір бар. Бірнеше күдікті ұсталды. Дегенмен, нақты нәтижені тергеу қорытындысы көрсетеді.  

Б. Сатуов