Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ashyq» жобасы вирусты тежеп тұр – А. Цой

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2021
  • 1374

Елімізде «Ashyq» жобасына қатысушылар саны артты. Бұл коронавирус індетінің таралуын айтарлықтай тежеді дейді  денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Министрдің айтуынша, «Ashyq» жобасына қатысушылардың қатары 5 күнде үш есеге көбейген.  Сондай-ақ осы жобаның көмегімен   мониторингтік топтар 50 мыңдай нысанды қамтыған.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

 
Тексеру кезінде 642 нысанда заңбұзушылық анықталды. Деректерге сүйенсек, бұл орындарда 16 мың адамның заң бұзғаны тіркелді. Олардың ішінде ауру жұқтырған науқастар да бар. Мысалы, 10 мың адамның «қызыл», 6 мың адамның «сары» мәртебесі болған. Осылайша «Ashyq»-тың арқасында 16 мың нысанда коронавирус індетінің таралуына жол берілген жоқ.

Е. Карин