Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 2025 жылға дейін мыңнан астам аула абаттандырылады

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2021
  • 1324

Алматыда 1000-нан астам аула 2025- жылға дейін абаттандырылады. Бұл туралы ауласы бар аумақтарға мониторинг жүргізу кезінде “Nur Otan” партиясының мүшелері айтты. Партиялықтар атқарылған жұмыстар мен сайлауалды бағдарлама аясында нысандарды пайдалануға беру мерзімдерін жіті бақылауда ұстайды.  4 жылда аулаларға асфальт төселіп, жол шеттері жөнделіп, орындықтар мен қоқыс тастайтын орындар мен жаяу жүргінші аумақтары реттеледі. Қалада балаларға арналған ойын және спорт алаңдары көбеймек. Нысандарды тексеру кезінде нұротандықтар алматылықтардың ой-пікіріне де құлақ асты.  Тұрғындар автотұрақ орындарын көбейтуді сұраған.

Әміржан НӘБИЕВ, “NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Архитектуралық қадағалау шеңберінде жобаларды реттеудің осындай тетігі бар.  Егер, мысалы, жалға алушылар шартты ойын алаңының орнына автотұрақты көргісі келетіндігі туралы жалпы пікірді қабылдайтын болса, бұл принципті бюджетті өзгертпей -ақ жасауға болады. Сондықтан, біз партиялық бақылау комитеті аясында бұл жобаға мониторинг жүргізіп отырмыз, бұзушылықтар болмас үшін сапасына қараймыз.


Л. Қуанышқызы