Туркияда орман өрті желдің әсерінен Кемеркөй қаласындағы жылу электр орталығының қоршауына жетті. Станция қызметкерлері эвакуацияланып, нысан аумағынан тез тұтанатын және жарылу қаупі бар материалдар шығарылды. Айта кетейік, Туркия осы жазда қызыл жалыннан зардап шеккен жалғыз ел емес. Тілсіз жау Грекияда да мыңдаған отбасын үйлерінен кетуге мәжбүр етті. Грек өртсөндірушілерінің мәліметінше, Афинадан солтүстікке қарай 20 шақырым жердегі Татой аймағының тұрғындары ел астанасына қарай бет алған. Грекияның азаматтық қорғау және дағдарысты басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиастың мәлімдеуінше Афинаның Солтүстік аумағындағы Варибоби ауылы маңында 90-нан аса үй, 27 кәсіпорын өртеніп, 80-нен астам көлік отқа оранған. Грекияда өрт салдарынан соңғы қырық жылда ең қатты ыстық ауа райы тіркелді. Елдің көп ауданында термометр көрсеткіші 44 градустан асты.
Никос ХАРДАЛИАС, ГРЕКИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сақ болу керек екенін тағы да айтқым келеді. Ауа райының қолайсыздығы елдің көп бөлігінде орман өртінің қаупін арттырып отыр. Біз сергек болуымыз керек. Біз өртке әкелуі мүмкін кез келген әрекеттен аулақ болуымыз қажет.
Б. Сатуов