Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында анасы екі ұлын саудалаған

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2021
  • 2233

Алматылық әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Ол перзентханадан шыққан бойда келісім жасауды жоспарлаған.   Бұл жағдай әйелді ата-аналық құқығынан айыру жөніндегі азаматтық істі қарау кезінде анықталды. Бұған дейін де ол бір сәбиін саудалаған. Айта кетейік, әйелдің үйде тағы екі баласы бар.   Сондықтан ол жазасын балалары 14 жасқа толғаннан кейін ғана өтейтін болады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Тексеру барысында анықталғандай, азамат К. бұған дейін де заңсыз түрде, перзентханадан шығарылғаннан кейін, өзге азаматшаға сенімхат арқылы баласын берген. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 135 -бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, азамат К. кінәлі деп танылды.  Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
    

Б. Сатуов