Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері жол апатынан мыңнан астам адам қаза тапқан

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2021
  • 1849

Жыл басталғалы, республикалық маңызы бар жолдарда 7 мыңнан астам жол көлік апаты тіркелген. Осының салдарынан мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұл туралы бүгін Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов, онлайн брифингте айтты. Жалпы, жолдағы ережеге бағынбау, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60 пайызға артыпты.   

Серік ТҮСІПОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол қауіпсіздігін айқындайтын фактор жүргізушілердің жолдағы тәртібі болып қалуда. Осы жылы 4 млн-ға жуық жол жүру қағидасын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1,4 млн-ы жылдам жүрген, мыңға жуығы жол белгілерін бұзғандар.

Сондай-ақ, әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншінің қатысы бар. Демек жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблема бар дейді. Жалпы биыл 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталса, 10 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығынан айрылған.

Б. Сатуов