Ирактың
соғыс болып жатқан аумағындағы 14 қазақстандық құтқарылды. Бұл туралы Қазақстан
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 14
адамның біреуі ер, үшеуі әйел адам. Қалған 10-ы бала. Бұған дейін Шешенстан
Республикасының президенті Рамзан Қадыров ресейліктермен бірге 6
қазақстандықтың қауіпті аймақтан шығарылғанын жазған еді. Сыртқы істер
министрлігі оларды құтқарылған 14 адамның қатарында екенін мәлімдеді.
Таль-Афар
аумағынан ТМД елдерінің азаматтарын шығару операциясына Ирак Күрдістанының
арнайы қызметі мен құқыққорғау органдары қатысқан. Қауіпті аумақтан шығарылған
қазақстандықтар елге эвакуацияланбақ.
Әнуар
Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Қазір
олар Ирак аумағында эвакуацияға әзірленуде. Бұл жағдаймен Қазақстанның
Иорданиядағы елшілігінің дипломаттары айналысуда.