Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Халықаралық әуежайының жолаушылар ағыны 40 пайызға өсті

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2017
  • 3797

Астана Халықаралық әуежайында жолаушылар саны 2 есе артты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Паола Ричиотти айтты. Астанаға қатынайтын жолаушылар ағыны 40 пайызға артқан. Осылайша бір жылдың ішінде жолаушылар саны 3 миллион 600 адамнан 8 миллион 200 мың адамға өскен. Әсіресе, биылғы жазда халықаралық бағыттағы жолуашылар ағыны 57 пайызға дейін артқан. Ал ел ішіндегі жұрттың әуе қатынасы 30 пайызға артқан.

Паола Ричиотти, Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының басқарма төрағасы:

Құрылысы мамырдың аяғында аяқталған бұл жаңа терминал. Терминалдың басты ерекшелігі - Астана әуе қақпасының өткізу қабілетін барынша арттырып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуде соңғы технологияға басымдық беру болып табылады.  Елорда әуежайының Орта Азиядағы ең ірі көліктік хаб мәртебесіне жетуі - басты мақсат.