Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда электр сымдарын ауыстырып жатқан жұмысшылар кранмен бірге құлады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2021
  • 3472

Оқыс оқиға. Атырауда жоғары кернеулі желіге электр сымдарын орнатып жатқан кезде, автокөтергіштің жебесі үзіліп, қос жұмысшы 7 метр биіктіктен құлап кетті. Олар автомұнараның себетінде болған. 42 жастағы азамат ауыр жарақаттан көз жұмды. Ал жұмысқа тұрғанына екі ай да болмаған 23 жастағы жұмысшы ауруханада, жағдайы ауыр.

Индира МЕРЕКЕН, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

1998 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде  аралас жарақат, бірнеше қаңқа жарақаты, сол жақ иықтың жылжуы. Қабырға, жамбас сүйектің жабық сынуы диагнозымен ауыр халде жатыр. Науқас операцияға дайындалуда.

Қос жұмысшы да - «Атырау Жарық» мекемесі қызмметерлері. Екеуінің де биікте жұмыс істеуге рұхсаты болған. Олар өз бригадасымен "Элеватор" көшесіндегі электр сымдарын ауыстыруға таңертеңнен бастап жұмысқа кіріскен. Компания басшылығы оқыс оқиғаның неден болғанын білмей дал. Айтуынша, гидрокөтергіші бар Орал автокөлігі биыл 8 маусым күні толықтай техникалық байқаудан өтіпті.

Мейірбек ҒҰБАШЕВ, "АТЫРАУ-ЖАРЫҚ" АҚ ТЕТЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Лицинзиясы бар мекемеден өтіп, толық қорытындысы бар.  «Жарамды» деген қағазымен жұмыс жасайтын машина. Ондай техникаларды жыл сайын мекемелерден өткізіледі. Оған дейін жұмыс таңертеннен бастап жасалып жатты. Түстен кейін бастағанда болған жағдай. Түске дейін жасалып жатқанда ескерту, ондай машинаға кедергі болатындай, жұмыс тоқтататындай жағдай болған жоқ.


Артында 4 баласы қалған марқұмды, ертең жақындары жер қойнына тапсырылады.  Ал істің мән-жайын жан-жақты тергеуге полиция кірісіп кетті. Олар «Еңбек қағидаларын бұзу. Абайсызда адам өліміне әкелген іс-әрекет» бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Б. Надірқызы