Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық депутаттар медициналық мекемелерге оттегі концентраторын табыстады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2021
  • 1576

Елордалық мәслихат депутаттары, "Nur Otan" фракциясының мүшелері медициналық мекемелерге оттегі концентраторын табыстады. Игі шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қолға алынған "30 игі іс" акциясы аясында ұйымдастырылған. Аппарат Оңтүстік Кореяда жасалыпты. 30 қондырғы - депутаттар мен демеушілер есебінен сатып алынған.  Қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасады.   
 
Ерлан КАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Игі іс дегеніміз өзіміздің VII шақырылымның депутаттық корпустарының бекіткен іс-шаралының жоспары аясында жүзеге асып отыр. Коронавируспен ауырған адамдарға демалуға көмектеседі оттегімен. Жалпы, мына 18 мекемеге 30 оттегі аппараты таратылды.

Концентраторға ие болған емдеу мекемелерінің ұжымы депутаттарға үлкен алғыс айтты. "Қазір бұл құрылғылардың маңызы зор, науқастардың оңалуына үлкен көмек береді" дейді. Қаладағы жұқпалы аурулар орталығы директорының айтуынша, елордада эпидахуал күрделі. Сондықтан, тұрғындардан барынша сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

Анна ЦЕПКЕ, НҰР-СҰЛТАН қ. ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл біздің ауруханаға өте қажетті медициналық жабдықтың бірі болатын. Оттегі концентраторы коронавирусты кез келген жағдайда емдеуге көмектеседі. Ұйымдастырушыларға рақмет! Қазір дәрігерлердің жұмысы қиын. Әр адам санитарлық нормаларға бей-жай қарамауын сұраймыз. Бұқаралық іс-шараларға бармаңыздар, соңы қайғылы жағдайға апаруы мүмкін екенін ескертеміз.


А. Данияр