Алматының Алатау ауданында орналасқан балабақша жанындағы қауіпті аумақта шектеу белгілері қойылады. Бұндай тапсырманы полицейлерге - алматылықтардың жол-көлікке қатысты шағымдарынан кейін - “Nur-Otan” партиясының мүшелері жүктеген. Осы тақырыптағы сюжет бұған дейін “Астана” телеарнасында көрсетілген болатын. Көпшілік бұл жермен автокөліктер жоғары жылдамдықпен заулайтынын айтып, шағымданған еді. Тіпті жаяу жүргіншілер жолағын да елемейді деді. Жергілікті тұрғындар биліктен осы мәселені шешуді сұрады. Бірақ, шенеуніктер бұған жауап қайырмаған. Тәртіп сақшылары шешуге уәде берді. Уәденің орындалуын “Nur-Otan” партиясының мүшелері бақылауда ұстайды.
Бақыт МОЛДАБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Осы жерге келіп мамандармен бірге зерттедік. Зерттеу өткіздік. Зерттеу нәтижесінде мынандай шешімге келдік. Осында орнатылған зебраны жаңартамыз.
Жарқын АЛДАБЕРГЕНОВА, «NUR OTAN” ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Шектеу дейміз ғой жаңағы. 40 км сағатына жүретін, сондай сондай өздері полиция тарапынан қолайлы жағдай жасауға бірнеше белгілерді орнатуға халық алдында уәде берілді.
Л. Қуанышқызы