Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорданың сол жағалауында аулалар абаттандырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2021
  • 1769

Биыл Елорданың Есіл ауданында 40-қа жуық аула абаттандырылады. Біріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, енді бірі қайта жаңғыртылып, басқа  кейіпке енбек. Мысалы, "Жағалау-3" тұрғын үй кешені жанында жаңа саябақ пайда болды. Бұл жерде кітап оқуға, кофе ішіп, таза ауада серуендеуге мүмкіндік бар. Тұрғындар жергілікті биліктің бұл игілікті ісіне дән риза.

БЛИЦ:

- Зейнеткерлер таңертең осында жаттығу жасайды. Серуендейді. Ал кешке демалып отырады. Айнала жап-жасыл. Таза ауа. Жанға жайлы.

- Өте жақсы саябақ. Бәрі керемет.

- Мұндай саябақ салынғанына ризамыз. Кешке балалармен серуенге шығамыз.

 
Қаланың кез-келген тұрғыны үй ауласын жаңғырту үшін өтініш бере алады. Спорт алаңдары да жаңаша түрге енеді.
 
 Жарқын АЙТЖАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНЫ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


"Бюджетке қатысу" жобасы жүзеге асырылуда. Кез-келген тұрғын, қаланың кез-келген азаматы атқарылатын жұмыс пен оның жобалық сметалық жоспары ретінде өз көзқарасын білдіріп, өтініш білдіре алады. Соған сәйкес біз тізім жасаймыз, қоғамдық тыңдауға ұсынамыз. Қоғамдық кеңес қарайды. Оның маңыздылығына қарай жұмыстарды анықтаймыз.

Айта кетейік, дәл осындай жұмыстар бас қаланың барлық ауданында жүріп жатыр.  

Б. Сатуов