Елордада биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған он мыңға жуық отбасы баспаналы болады. Жауаптылардың айтуынша, баспана алу үшін кезекте тұрғандар "Отбасы" банкі арқылы мемлекеттік "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларымен тұрғын үйге қол жеткізеді. Бас қалада үй кезегінде тұрғандар саны 50 мыңға жуықтайды.
Әнуар РАҚЫШ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі таңда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бекітілген үкіметтен. Сол "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының бағыттар бар. Бұл "Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы", "Бақытты отбасы" бағдарламасы. Бұл жеңілдетілген несиемен тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасы, толық емес отбасы және мүгедек баласы бар отбасыға арналған. Бұл жерде екі пайызбен беріледі. Алғашқы жарнасы 10 пайыз, 20 жылға дейін қарастырылған. Өтінімді "Отбасы" банкі арқылы қабылданады.
Ал "Шаңырақ" бағдарламасы арқылы үй кезегінде тұрған кез-келген адам өтінім бере алады. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастардың жалдамалы пәтер алуына мүмкіндігі бар.Биыл бұл бағдарламамен 29 жасқа дейінгі мыңнан астам азаматқа пәтер беру жоспарланған.
Әнуар РАҚЫШ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Жұмыс жасайтын жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама бар. Бұл сатып алу құқығынсыз жастарға 5 жылға беріледі. Жалдамалы тұрғын үй. Бұл жалпы жастардың сол 5 жыл арасында депозиттеріне ақша жинап, кейін сатып алуларына мүмкіндік болатындай жеңілдетілген бағыт болып саналады. Былтыр осы бағытта 350 пәтер берілді. Ағымдағы жылы жылдың соңына дейін 1050 пәтер берілу жоспарлануда.
Б. Сатуов