Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2021
  • 1814

Елордада алдағы 5 жылда 50 мектеп бой көтереді. Соның 15-і биыл   пайдалануға беріледі. «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері салынып жатқан білім нысандарының құрылысымен танысты.  Мәжіліс депутаты Павел Казанцев бас қаладағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу өте маңызды екенін айтты. Білім беру ошақтарының уақытылы тапсырылуы қатаң бақылауда болады дейді.   

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазір құрылысы жүріп жатқан әр мектепті депутаттар қадағалауда.  Қала күннен күнге көркейіп, кеңейіп жатыр. Сондықтан, қажеттілік те жоғары. Ал сұранысты қанағаттандыру -міндет.  Құрылыстың уақытылы аяқталуы бақылауда болады.  


Ғ.Өтемісов