Русский Сайттың толық нұсқасы

“Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аймақтарда ойдағыдай жүзеге асырылуда

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2021
  • 1528

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап, “Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауда. Орал қаласындағы жиһаз фабрикасына барған халық қалаулылары кәсіпорын жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Өйткені бұл кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ірі екі жобасын қаржыландырған.  Енді ел аумағымен шектелмей, алыс-жақын шет елдерге де өз өнімін өткізіп жатыр.  

Юрий РОГАНОВ, КӘСІПОРЫН ӨКІЛІ:

Депутаттарға жаңадан салынған цехтың ғимаратын көрсеттік. Бұл цех 11 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Тек пандемияға байланысты жоспарымыз жарты жылға кешікті. Дегенмен осында шетелден әкелінген жаңа қондырғылардың 95 пайызы жұмысқа дайын. Түрлі төсек жабдығын өзіміз де жасай аламыз.
 

Снежанна ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өз көзіміз жетті, барлық жоспарлар орындалып жатыр. Мыңға жуық жұмысшы жасайды. Оларға қосымша 100 жұмыс орындары ашылады. Ол енді біздің аймақта жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін. Бұл - бірінші мәселе. Екінші мәселе – салық көбейеді, әрине облыстық бюджетіне түскен салық.

Е. Карин