Русский Сайттың толық нұсқасы

Шайбалы хоккейден Президент кубогының финалында түсініксіз жағдай болды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2021
  • 1499

Шайбалы хоккейден Президент кубогының финалында түсініксіз жағдай болды. Комментатор жеңімпаздар командасын марапаттаған мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары деп хабарлаған.

Ерлан Қожағапанов -партия жұмысына белсене араласып жүрген азамат. Күні кеше вице-министр «Nur Otan» партиясы алаңында қашықтықтан қабылдау форматында азаматтардың талап-тілегін тыңдады. Оған қатысушылар балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, оны қаржыландыру және жаттықтырушылар штабының біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.  Шенеунік жеке азаматтардың өтініштерін жеке бақылауына алатынын айтты.

Б. Сатуов