Әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты, шекараларда әскери оқу жаттығулары күшейтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Алматы облысында Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығының базасында болып, жаттығу жүйелерін пысықтады. Ол өз сөзінде: "Біз кез-келген сын-қатерге дайын болуымыз керек" деп ескертті. Оның айтуынша, халықаралық жағдайдың шиеленісуі кезінде біздің барлық әскери күш құрылымдары барынша жұмылдырылуы тиіс. Елдің Қорғаныс министрлігі де Ауғанстандағы жағдайға байланысты «қырағылықты күшейту» шараларын қабылдады.
Қасым -Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз қоғамда Ауғанстандағы жағдайға байланысты алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл елде болып жатқан оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді, бірақ, әрине олар белгілі бір қатер тудырады. Сондықтан біз жағдайды мұқият қадағалап, кез келген сын -қатерге лайықты түрде жауап беруге дайын болуымыз керек.
А. Базарбай