Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бір ғана тамыз айында 43 адамды сарышаян шаққан

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2021
  • 2748

Шымкентте сарышаян шағу дерегі азаймай тұр. Тамыз айында улы жәндіктен зардап шеккен 43 адам медициналық көмекке жүгініпті. Соның 13-і балалар.

Түрі суық улы жәндік шағу жағдайы мамырдан бастап көбейген дейді мамандар. Шілдедегі ыстықтың беті қайтқанына қарамастан күніне сарышаян шаққандар азаймай отырғанын айтады. Дәрігерлер әсіресе қаланың сырт жағындағы саман, ескі үйлер мен құрылыс жүріп жатқан аумақтарда аталған жәндіктің көптеп кездесетінін айтады. Тек олардың ұясы бар аумақты жеке дара улау оншалықты нәтиже бермейді деп отыр.

Асылхан МЫҢБОСЫНОВ, ТОКСИКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Егер ауырсыну синдромы қатты болатын болса, қосалқы диагноздары болатын болса, екіқабат әйел кісілер болатын болса немесе жас балалар болатын болса біз сондай науқастарды жатқызамыз. Ал егер жеңіл дәрежеде болатын болса, үйлеріне қайтарамыз.

А. Төребекқызы