Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда екі жүздей үй сусыз отыр

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2021
  • 1550

Қарағандыдағы жеке секторлар өркениетке қосыла алар емес. 200-дей баспана басқасын айтпағанда  әлі күнге ауызсуға жарымаған. Сабыр ата халық арасында Сахалин аталып кеткен жеке секторда  40 жылдан бері тұрады. Алғашында суды тасып ішкен. Біраз жыл бұрын ауласынан құдық қазып алыпты. Ал екі- үш қадам жерде дәретхана тұр. Сондықтан қария судың сапасына күмәнмен қарайды.

Сабыр МҮФТИЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Міне, мынау менің құдығым. Мінеки су алам осыдан осы суды ішемін. Осымен  кір жуамыз. Ведромен үйге тасимыз. Анау канализация жоқ. Туалеттің түрі міне. Өзіміз қаздық сол суды таза ма, таза емес пе әйтеу білмеймін.

Жеке сектор көпқабатты үйлер мен жылу жүйесіне жақын орналасқан. Тұрғындар коммуналды қызметті көшеге әкеп берсе, үйлеріне тартып алуға әзір екендерін айтады. Оларды жолдың азабы да титықтатқан.

Талғат ОМАРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз акиматтың өкілдеріне шағымданғанбыз. Ол кісілер бізге уәде берген осы міселені көтереміз, шешіледі деп. Бір жұмадан кейін жауабын айтамыз деді. Бірақ шешілмек тұрмақ жауабын да күтіп ала алмадық ол кісілерден.


Жауаптыларға мәселенің жылдар бойы неге шешілмей келе жатқанын сұраған-ек. Айтуларынша тұрғындар бұған дейін арызданбапты. Былтыр ғана шағымданған көрінеді. Осының негізінде құбыр тарту жұмыстарын қолға алдық дейді.

Серік ДҮЙСЕМБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ қ. ОКТЯБРЬ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:


Кәріз және су құбыры Сахалинда 2022 ия 2023 жылда жоспарланып отыр. Кәріз бен су мәселесін шешкеннен кейін жарықтандыру және жол жасау мәселесі қарастырылады.

Негізі бұл жеке сектор орманның жанында орналасқан. Сөйте тұра шаң мен саз, қоқысқа толып бара жатқаны тұрғындарды алаңдатып отыр.

А. Қуаш