Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәріз суын тазалайтын заманауи нысан қарашада пайдалануға беріледі

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2021
  • 1717

Атырауда аймақ экологиясы үшін маңызды нысан қараша айында іске қосылады. Бұл туралы мәжіліс депутатының өңірге сапары кезінде белгілі болды. «Нұр Отан» фракция мүшесі Сәлімжан Нақпаев, облыстағы ауылдарды аралап сайлаушылармен кездесті. Сондай-ақ, 2017-ші жылы қолға алынған кәріз тазарту кешенінің құрылысымен танысты. Жоба құны 10 млрд теңгеге бағаланған. Заманауи кешенде бас кәріз айдау стансасы, ағын суды тазалау қондырғысы, қондырғылардың алаңы, биотоған мен булану алаңдары бар. Жоспар бойынша станция, тәулігіне 70 мың шаршы метр су тазалауға қуатты.

Сәлімжан НАҚПАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазір станцияның  жобасын толығымен танасып шықтық. Үлкен заманауи жоба.   Қазірдің өзінде станция қаланың солтүстік жағындағы халықтан шығып жатқан ағынды суларды қабылдап жатыр. Енді болашақта зауыттан шыққан суды да қабылдайтын болады. Осының алдында зауыттың қаражат бөліп салынып жатқан полигонды құрғату жұмыстарымен таныстық. Жұмыс жақсы жүріп жатыр.

Кешен пайдалануға берілісімен халық арасында «Сасықсай» аталып кеткен булану алаңы толықтай құрғатылмақ. 1200 гектар аумақты алып жатқан алаңға қаланың сол жағалауындағы кәріз судан бөлек, Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан қалдықтар да  төгіледі. Айта кетейік, тұрғындар қолқаны қабатын жағымсыз иіске жылдар бойы шағымданып келген еді.

Б. Нәдірқызы