Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы 2 мыңнан астам түлекті қаморлығына алды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2017
  • 2586

ҰБТ-да шекті деңгейді ала алмаған алмаған немесе мүлдем сынақ тапсырмаған Қызылорда облысының мектеп түлектері «Нұр Отан» партиясының қолдауы мен қадағалауында болмақ. Жалпы тізімге екі жарымға жуық жас ілінген болатын. Соның 342-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған болса, тестілеуге мүлдем қатыспағаны 2073 түлек бар. Енді партиялықтар оларды қамқорына алып, өз орындарын табуға көмектеспек.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында жастармен облыстық білім беру басқармасы, жұмыспен қамту орталығының, жұмыс беруші мекемелердің өкілдері кездесіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Нарықта сұранысқа ие мамандықты жастар қайта даярлау курстарынан бар болғаны үш айда алуларына болады.

Мадина Нысанбаева, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

Қайта даярлау мамандығын алып болғаннан кейін сертификат беріледі, үш айдын көлемінде оқытылады, сол сертификатпен өз мамандығы бойынша өзіне кәсіп ашуына болады. Енді визажистке қазір оқытылып жатыр, шаштаразға оқытылып жатыр, сөйтіп өзінің кәсібін ашуына болады.

Абылайхан Сабанбаев, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы:

Қазіргі таңда 123 жас орта арнаулы оқу орнына, 183 жас жоғары оқу орнындарына, 29 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл да біз үшін үлкен нәтиже. Алдағы уақытта осы жұмыссыз жүрген жастардың осы Ұлттық біріңғай тестілеуден балл жинай алмай қалған болмаса оқуға түсе алмаған, әскерге шақырылмаған жастармен әрі қарай да жұмысты біз осы "Сәтті қадам" партия жобасы аясында күшейтетін боламыз.