Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда гендерлік саясат мәселелері талқыланды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2021
  • 1639

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен шарада гендерлік саясатты арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар әйелдің қоғамдағы рөлін күшейту, олардың саяси үдерістерге белсенді қатысуы және тұрмыстық зорлық-зомбылық  туралы ой бөлісті.    Шара барасында сондай-ақ, «Әйелдер көшбасшылығы өмірдің жаңа сапасы» атты қыз келіншектерге арналған шеберлік сағаты болды.  Өңірге жұмыс  сапармен келген  Қазақстан әйелдер күштерінің алянс өкілдері  өндіріс орындарында болып, ондағы жұмысшы қыз-келіншектер кездеспек.   Дағдарыс орталығына да  бару жоспарланған.   Нәтижесінде   әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған арнайы жол картасын әзірленбек.
 
Азиза ШӨЖЕЕВА, ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІНІҢ АЛЯНСЫ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Павлодарда гендерлік саясат көрсеткіші жақсы.  Облыстық мәслихаттағы депутаттардың  37 пайызы -әйел. Яғни, 26 депуттаттың 10-ы -қыз келіншек. Ал қалалық мәслихатта әйелдердің үлесі- 30 пайыз. Бұл да жаман көрсеткіш емес.  Біздің мақсатымыз әйелдердің проблемаларын шешу.  Осы бағытта өңірдегі  белсенді әйелдермен  бірлесіп  жұмыс істейтін боламыз.

Ө. Қуанар