Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО оңтүстіктен көшіп келген тұрғын 15 келілік қарбыз өсіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2021
  • 2503

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен көшіп келген тұрғындар қарбыз өсіріп, рекорд жасады. Ғани Ердосов Қызылжар өңіріне былтыр «Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аударған. Түркістан облысында 30 жыл бойы жеміс-жидек өсірумен айналысқан шаруа, теріскейге таңсық өнімді биыл бау-бақшасында өсіріп көрді. Нәтижесіне өзі де аң-таң. 15 келілік қарбыздар алған.

Ғани ЕРДОСОВ, ШАРУА:


Жақсы бұл жер, тамаша. Чернозем жақсы. Бағшаға ыңғайлы. Тамшылатып суару әдісін қолданамыз. Ол өте ыңғайлы, жерге скважина қағып.

Қарбыз өсіру ісін теріскейдің тумасы Николай Малвенов та жақсы меңгерген. Корнеевка ауылының тұрғыны 7 жыл бұрын қолға алды. Шаруа түрлі сұрыптарын егеді. Бүгінде оның бақшасында аталған өсімдіктің 30-дан астам түрі өседі.

Николай МАЛВЕНОВ, ШАРУА:

Бастапқы кездері қарбыздарым ұсақ болды. 5-6 келіден аспайтын. Бірақ түрлі амалдарды, сұрыптарды қолданудың арқасында өсіп-жетілдік. Былтыр 10 килограмдық өнім шықты. Биыл рекорд орнаттық. 16 келілік қарбыздарға қол жеткіздік.

Дәніккен шаруалар ендігі жылы егістік алқаптарын ұлғайтып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуді көздеп отыр.

А. Құрманкин