Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы жағдай жіті бақылауда

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2021
  • 1669

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған аймақ  тұрғындарының қауіпсіздігі мен төтенше жағдайдың салдарымен күрес жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент  аймақ әкімі Бердібек Сапарбаевпен де телефон арқылы сөйлесіп, Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Елбасы барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті. Қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Л. Қуанышқызы