Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын тағы бір ірі қойма ашылады. Мәжіліс депутаттары Ордабасы ауданындағы «Александровский сад» шаруашылығының жұмысымен танысты. Жергілікті баудан жиналған жеміс-жидектер соңғы технологиямен жабдықталған қоймада сақталмақ. Қойманың сыйымдылығы- 1500 тонна. Келер жылы шырын мен тосаптың бірнеше түрін әзірлеу жоспарда бар. Депутаттар сондай-ақ, өңірдегі ағын су мәселесін де назарда ұстау керек дейді.
Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Барлық аудандарды аралап келе жатырмыз. Сондағы осы көптеген шынын айтқанда су мәселесімен каналдарға күрделі жұмыс, жөндеу жұмыстарын жасау және біздегі бар суды тиімді пайдалану мәселесіне жаңаша көзқарас керек. Сол көзқарасты қалыптастыру үшін каналдарды тазалау керек, соған иесі болу керек деген сияқты.
Түркістан облысында байланыс жүйесінің нашарлығын да депутаттар назарға алды. Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасы туралы насихат аз дейді. Оны күшейту арқылы ауылдағы жұмыссыздарды азайтып, білім алғысы келетін жастарды солтүстікке қоныстандыру қарқын алатынына сенімді.
А. Төребекқызы