Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрі ақыры отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2021
  • 1437

Қорғаныс министрі  отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату  туралы рапортын қарастырып, өтінішін қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып 2018 жылдың тамызында тағайындалған. 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Ол кезде Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Ал Жамбылдағы жарылыс-екінші жағдай. Оңтүстіктегі жарылысты "табиғи апат" деп  мойнына алмаған экс-министр  өзіне шаң жуытпаған болатын.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

"Министрді кінәлі", деп айту бір жағынан надандық. Өйткені, сауатты адамдар біледі қарулы күштер кіші мемлекет деп айтуға болады.


Мемлекет басшысының Жарлығымен   Ермекбаевтың орнына оның бірінші орынбасары Мұрат Бектанов тағайындалды.   Жаңа министр олқылықтарды түзете ала ма? Оны уақыт көрсетеді.

А. Данияр