Русский Сайттың толық нұсқасы

"Оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді" - Қорғаныс министрлігі

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2021
  • 1523

Әскери қоймадағы оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді. Сондықтан өрт сөндірушілер бірден іске кіріскен. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектескен, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа нысандарындағы күзетті күшейтуге жұмылдырылған.  "Апат аяқ астынан болды" дейді жауаптылар.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЕВ, ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс болатын. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері де жұмылды.


Бұған дейін, жарылыстан зардап шеккен өрт сөндірушілер   оқиға орнында жарылғыш зат бар екенін білмегенін және әскерилердің сөзіне сенгенін айтқан болатын.  

Алмаз ТҰРСЫНОВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ:

Біздің үлкен бастықтар ол жақта жүрген военныйлардан сұрады. "Не бар?" деді.  "Ей, жарылмайды, жарылмайды" деп айтты. Одан кейін бір кісілерден естіп қалдым. Тротил бар екен деді.  Сосын сол жақтағы үлкен полковник кісіден сұрадым, "жарылады ма ол?" дедім. "Жоқ жарылмайды, ерунда ол" деді да, бірақ өзі отступать етіп жатқанын байқадым.  


Кейін төтенше жағдайлар министрі өрт кезінде қоймада тротил сақталғанын растады.   Болған жағдайға байланысты Қарулы Күштердің барлық нысандарындағы  оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексеру жөнінде комиссия құрылды.  

А. Базарбай