Астанада
көшенің қақ ортасында 9 бірдей көлікті соғып өткен нөмірі 9-шы автобус
жүргізушісі жұмыстан шеттетілді. Ал тежегіште ешқандай ақау болмаған. Бұл
туралы «Astana LRT» компаниясының баспасөз хатшысы мәлімдеді. Оның сөзінше, GPS
көрсеткіші бойынша автобус небары 20 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Жұмысқа шықпас бұрын жүргізуші мен кондуктор медициналық тексеруден, ал автобус техникалық байқаудан өткен. Бұған дейін куәгерлер көліктің тежегіші
істен шықты деген болжам жасаған еді.
Асқар
Атагулин, «Astana LRT» ЖШС баспасөз
хатшысы:
Қазіргі
уақытта автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді. Тежегіштің істен шыққаны
туралы ақпарат расталмады. Жолға шықпас бұрын автобус техникалық байқаудан
өткен, қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.