«Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның орындалу сапасын талқылады. Партия жанындағы республикалық қоғамдық кеңес Қызылорда мен Қостанай облыстарындағы жағдайды сөз етті. Жұмыс тобы соңғы үш жылда болған жемқорлық істерін зерттеді. Бір ғана Арал теңізінде ақша жымқыру фактілері бойынша 120 -дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бірақ бұған жауапты мемлекеттік органдардың әрекеті, кеңес мүшелерінің көңілінен шықпады. Партия мүшелерінің айтуынша, аймақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды көрмегендей сыңай танытқан. Осыған ұқсас мәселелер Қостанай өңіріндегі мемлекеттік мекемелерде де анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің төрағасы көптеген сертификаттар мен есептердің тек ресми түрде ғана орындалғанын атап өтті.
Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз әрқайсымыз осы біздің еліміз үшін, біздің жеріміз үшін, біздің халқымыздың деңгейін кішкене көтерейік деп жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан аймақтарда ешқандай формализмге біз бармауымыз керек. Мынау формализм- жемқорлыққа алып келер тура жол. Осы әрқашан есімізде болу керек.
А. Базарбай