Русский Сайттың толық нұсқасы

80 мың отбасына көмек берілді

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2021
  • 1686

Отбасын қолдау орталықтарының ашылуы, жанұялық ұрыс-керіс мәселелерін шешу,  балалы әйелдерге уақытша баспана беру. Осы және өзге де сұрақтар отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте талқыланды. Кеңес төрайымының сөзінше, «Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылған ілкімді іс көп. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 80 мың отбасына көмек көрсетілген. "Жол картасының" басты бағытының бірі- балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру. Жоба аясында  әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 17 мыңнан астам бала тегін бассейн мен спорттық клубтарға баруға мүмкіндік алған. Ал, жыл соңына дейін 83 мың бала шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларға   тегін бара алады.   

Динара ЗӘКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

4526 азаматқа құжат рәсімдеуге, 10 711 адам жұмысқа орналасты және 511 жанұяға баспана берілді. «Бақытты отбасы» жол картасын жүзеге асыру бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстары өздерін жақсы көрсетіп, көш бастады».


Л. Қуанышқызы