Әскери нысанда жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдайды қалыпқа келтіру жұмыстары басталды. Әскери қоймаға ең жақын орналасқан елді мекендердегі қираған үйлер жөнделіп жатыр. Бірақ, халық әлі өз-өзіне келген жоқ. Апаттан есеңгіреп қалғандар, жақынынан айрылғандар ес жия алмай отыр. Оқиға болған жерге барған тілшіміз Берік Жұмабайдың репортажы.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
26 күні жарылыс болған жерге ең жақын орналасқан Қайнар ауылындамыз. Біз яғни ең шеткі үйге келдік. Ал ол әскери қоймаға не бәрі 500 метр жетпей орналасқан. Өздеріңіз көріп тұрған әскери күзет мұнарасы мен қоршауы қару жарақ сақтау қоймасының қоршауы болып есептеледі.
Қайнар ауылында 17 үй болса, соның барлығының сау тамтығы жоқ. Ғимараттардың қабырғалары құлап, қоршаулары қираған, тіпті кейбір үйлер тұруға жарамсыз боп қалған. Зақымданған үйлер қазір біртіндеп жөнделіп жатыр.
Мұрат АЛДАНАЗАРОВ, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Тұратын үй емес мынау тяп-ляп істейді да кетеді казір. 6 айдан кейін көресің уже бітті анау свойствасының бәрі кетіп қалған.
Гүлзира ЖАМБЫЛОВА, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мынау қалғанын кім істейді біз өзіміз қолдан құлатқан жоқпыз. Міне мынандай болып жатыр. Бұның бәріне қанша шығын кетеді. Біз не істейміз екеуміз де жұмыссызбыз.
Қайнарлықтар бұл оқиғадан кейін бала шағамыз ауылға келуге қорқып қалды дейді. Олар дың білім алу мәселесі шешілді қазір қарастырылып жатыр.
Жамила БЕКБАТЫРОВА , ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Жібек жолы ауылындағы 5 орта мектеп те саманнан соғылған өзі. Осы мектептің сылақтары түскен. Біз барлығын +Жаңатұрмыс ауылындағы Жаңатұрмыс орта мектебіне тасЫмалдап оқытатын боламыз уақытша.
Жарыстан соң жақындарын жоғалтқан отбасылардың бүгін соңғы үміті үзілді. Бүгінгі күнге дейін жеке басы анықталмай келген үш азаматқа қатысты бүгін сараптама шықты. Үшеуі де Жамбыл облысы бойынша ТЖД қызметкерлері. Ал, өртті сөндіруге бірінші болып барған әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтан әлі хабар жоқ. Я өлі, я тірі екені белгісіз.
Жаңыл ӘБДІРАСІЛОВА, КӨРШІСІ:
Үш бала бір қызы бар әйелі қазір аяғы ауыр ол кісінің. Сол күні баласына Құдай тамақ беріп есік алдына су шашып, сөйтіп отырған бала еді. Содан бірден шақырды. Тез тез киінді де машинасына мініп кетіп қалған сол кезде қарап тұрғанмын мен. Сол содан кейін бала жоқ.
Жалпы жарылыстан 15 адам ажал құшып, жүзге жуық адам жараланды. Әскери қызметкер Оразбек Дәлібаев марқұм болғандардың бірі. Артында жары мен төрт баласы қалды.
Жалғас ДӘЛІБАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ БАЛАСЫ:
Жодас балдарым Шымкентте жүргенде звандады не болды деп едім часть жарылды деді. Сразу үйдегілерге звандадым әкем қайда деп. Әкем жұмыста дегеннен кейін денем мұздап кетті менің.
Ал бүгін жарылыс болған күннің тағы бір бейнежазбасы жарияланды. Бұл әскери бөлімге жақын орналасқан кәсіпкерлік нысанның бейнекамерасына түсіп қалған. Ол жерде қойманың жарылысы қатты болғаны соншалық дүмпуден ғимарат дірілдеп, терезе әйнектері дәмхана ішінде отырған адамдарға шашылған. Тіпті видеода жарылыстың жойқын болғанын терезеге жақын тұрған адамды ұшырып жібергенінен-ақ байқауға болады.
Б.Жұмабай