Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 8 жастағы қыз баланы өз пәтерінде зорлаған

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2021
  • 3351

Ақтөбеде сегіз жастағы қыз баланы өз пәтерінде зорлаған. Полиция департаментінің ақпараты бойынша, жеткіншек  үйде жалғыз болған. Есік ұрып, үйге кірген белгісіз адам соны пайдаланып арам ойын жүзеге асырады.  Күдік туғызатын дауыстарды естіген көршілері полицияға хабар береді. Тәртіп сақшылары ғимаратты қоршауға алып, күдіктіні көп ұзамай құрықтады.  

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Пәтерге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ... жедел шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні анықтап, «ізін суытпай» ұстады.