Русский Сайттың толық нұсқасы

14 мың қазақстандық өзге елге көшіп кеткен

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2021
  • 2813

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам қазақстандық  өзге елге қоныс аударған.   Олар  карантинге де қарап жатқан жоқ,  эмигранттар саны бойынша Қазақстан -ТМД елдері бойынша бірінші орында.  Көші-қон неге белсенді? Жұрт туған жерден неге кетіп жатыр? Мәселенің мән-жайын тілшіміз зертеп көрді.  

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр карантиндік шектеулерге қарамастан елден 23 мыңнан аса адам қоныс аударған. Биыл да көші-қон мәселесі мәз емес. Мамандардың пайымдауынша, бұл жерлестеріміз сырттан нәпақа іздеп, өз еліне көңілі толмай кеткендер дейді. Мұнан өзге де себептер бар.


Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген дәйексөзбен бүгінгі ұрпақ келіспейтін секілді. Елден кеткендердің айтуынша,  басқа мемлекетте өмір сүру қолайлы. Қандасымыз Алмат Дуамбеков  Түркияға 1 жыл бұрын отбасымен  тұрақты қоныс аударған.  Қазір  жат жерде кәсібін дөңгелетіп жүрген Алмат Қазақстанда таныс-тамыр, беделді көкең болмаса өсу қиын дейді.  

Алмат ДУАМБЕКОВ, ТҮРКИЯҒА ҚОНЫС АУДАРҒАН АЗАМАТ:

Жәй қызметтен бастап, үлкен қызметке дейін жеттім.  Банк ісінен сәл айнып қалдым. Әрі қарай өсетіндей мүмкіндік болған жоқ. Қазақстанда аға-апаң, көкең болмаса өсетіндей мүмкіндік болмайды.
 
Кетіп жатқан азаматтардың жасы 20 мен 45   аралығында.   Әлеуметтанушының саралауынша, мықты маман иелерін елде қалдыру үшін білім беру сапасы мен жалақы көлемін арттыру керек.

Рамазан САЛЫҚЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

 
Көшіп-қонудың бірден бір себебі ол экономикалық шарттар. Егерде адамның жүмысы тұрақты, табысы жоғары болса, ол адам ешқашан да өзінің тұрып жатқан жерінен көшпейді. Бірінші фактор, экономикалық, екінші фактор әлеуметтік.

Әсем АЛДАНҒАРҚЫЗЫ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Жалпы білімі бойынша қарастырсақ, біздің елімізге тұрақты түрде келіп жатқандардан көбінесе технологиялық мамандықты бітіргендер, экономикалық, педагогикалық және медициналық мамандықты бітіргендер.

Ал саясаттанушы  Айдос Сарым  бір жерде тұрақтамау керек   дейді. Айтуынша, шет елге кетем дегендерді ұстамаған жөн.

Айдос САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:


Кетіп жатқан жастардың біріншіден жақсы, кәсіби талабы, білігі зор. компаниялар мен елдерге кеткенін мен өз басым бұдан ешқандай қауіп-қатер көріп отқан жоқпын. Тағы да қайталап айтамын, Елден кеткеннен көрі, елді тарс жауып алып, ешкімді жібермеген әлдеқайда жаман болар еді.  


Айдос Сарымның айтуынша, өзге елден бізге келем дегендерді де қабылдауға болады.  Бұл -тәжірибе алмасудың ел дамуына оң әсері болмаса, зияны жоқ.

Д. Жарқынбек