Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулықтар ағасының мәйітін үйде сақтаған мұғалімнің мектептен кетуін талап етті

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2021
  • 2671

«Ағасының мүрдесін бірнеше ай бойы үйінде сақтаған мұғалім сабақ бермесін». Бүгін Атырау облысы Таңдай ауылы тұрғындары  мектепке осындай талаппен келді. Айтуларынша,  биыл қаңтар айында   өз ауласында өлі күйінде табылған 82 жастағы ағасының мәйітін үйінде ұстап, істі болған  әйел  жұмысқа қайта оралған.  "Жантүршігерлік  оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылған, бірақ біз бәрібір  ол адамнан қорқамыз"- дейді жиналғандар.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Мүрдені 7 ай бойы үйіне сақтаған биология пәнінің мұғалімі  осы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Ал жантүршігерлік оқиғадан соң әлі күнге ес жия алмай жүрген таңдайлықтар оның мектептен ғана емес, ауылдан толықтай көшіп кетуін талап етуде. Егер талабымыз орындалмаса Президентке дейін шағымданамыз деп отыр.
 
Жәниба ҚАРАСАЕВА, ТАҢДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

9 оқиды. Біз убийцамен оқып жатырмыз,- дейді. Ол жақсы ма? Егер менің немерем убийцамен оқып жатса, мен қалай үйде тыныш жатамын. Жалғыз менің балам емес, бүкіл бала сондай ғой. Бір күні сабақ беріп отырады да менің балама кейігенде кіжініп бірдеңе жасап қояр мүмкін.


Жолдас БИСЕКЕНҰЛЫ, ТАҢДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тек қана балалар емес көршілер, үлкен кісілер  қорқады керек болатын  болса, +Себебі белгісіздік деген қорқыныш тудырады. Не зат болғанын ешкім білмейді.  7 ай оны неге сақтайды?

400 түтіні бар Таңдай ауылын дүр сілкіндірген оқиға қаңтар айында  болған. 80-нен асқан қарияның аяқ астынан із-түссіз кеткеніне туыстары да күмәнмен қарапты.  Өйткені  қарындасы ағасын әр түрлі сылтау айтып,  әлеуметтік қызметкерлерге көрсетпей қойған. көрінеді. Ал көршілері бірнеше ай бойы қолқаны  қабқан иіске тұншыққандарын айтады.  

Нұргүл АБДОЛОВА, ТАҢДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өтірік айтты ол. Анда апарып тастадым, Қызылордаға апарып тастадым.  Біз барлық жаққа телефон соңып біліп жүрдік. Ішкі істер қызметкерлеріне өзім айттым. Сол үйді ашыңдар, бір өлік бар, бар бар деп.

Салтанат РАМАЗАНОВА, ТАҢДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Иісі отырғызбады. Балаларға кілеймен тесіктің бәрін бітеттім. Бірақ сырттан, фундаменттен иіс шықты.  Жаздың мезгілі көк шыбын толып кетті. Өліп жатқан адам ғой. Соны жаңағы біреу бағып жатыр, ағайындарым бағып жатыр,-  деп өтірік ақпарат таратты.  Ондай мұғалім мектепте жасауға тиіс емес.

Алаңдаған ата-аналар мектеп директорына  мұғалімді жұмыстан шығаруды талап етіп, бірнеше мәрте арыз жазған. Болмаса балаларын сабаққа жібермейтінін ескерткен. Бірақ директоры жұмыстан шығаруға еш құқым жоқ,- деп отыр.

Серік ҚОЙБАҚОВ, Қ.АХМЕДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Заңға сәйкес тергеу ісі бойынша ақталып шықты. Ешқандай жазығы жоқ. Жұмысқа орналасу керек деген тапсырмалармен біздер жұмысқа орналастырып, шеттетілген уақытындағы  еңбекақыларын төлеп шықтық. Қазір енді жұмысқа қоспасқа біздің ешқандай құзырымыз  жоқ.

Мұғалім  қазір 9-10,11 сыныптарға биология пәнінен сабақ береді. Отыз жылдан аса  тәжірибесі бар ұстаз бүкіл ауыл қарсы шыққанына қарамастан, жұмысында қала беретінін ашып айтқан. Мән-жайды білмек болған бізге  сұхбат беруден бас тартты.

Б. Надірқызы