Русский Сайттың толық нұсқасы

Дінге сенбейтіндердің де құқығы бар

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2021
  • 2593

Дінге сенбейтіндердің де құқығы бар. Олар Қазақстан да тұрғандықтан дінге сенетіндермен тең болуы керек. Осыған байланысты арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы дін істер комитетінің төрағасы айтты. Құжат халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жасалуды. Ержан Нүкежановтың өзінше, Қазақстанның зайырлы мемлекет болғандықтан бұндай заң керек дейді. Сонымен бірге, дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары тұратынын жеткізді. Десе де оның қабылданып, қабылданбайтыны әзірге белгісіз. Алдымен, Мәжілісте қаралады мақұлданған жағдайда ғана Сенатқа жіберілмек.

Ержан НҮКЕЖАНОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең маңыздысы адамдардың құқықтарын бірдей сақтау. Бұдан маңызды не бар?! Мысалы, сіз сенетін адамсыз, тағы сенбейтін адам бар. Екеулеріңіздің құқықтарыңыз бірдей сақталуы керек. Ол адамның наным-сеніміне, түр-түсіне, әлпетіне байланысты емес қой. Ғылым бөлігінде де қажетті заттар сарапшылармен сараптай келгенде осындай қорытындығы келдік.

Комитеттің дерегінше бұл заң жобасын әзірлеу 2017 жылы басталған. Арадан 4 жыл өтсе де құжат күшіне енген жоқ. Енді, дінге сенетіндер жайлы тоқталсақ. Министрліктің әлеуметтік зерттеулерінің қорытындысына сәйкес, халықтың 87,2 пайызының нақты діни ұстанымдары бар. Ал, қалғандары атеистер мен белгілі тылсым күшке сенетіндер екенін көрсетіпті.  

А. Данияр