Талибандар Ауғанстанның уақытша үкіметінің жаңа құрамын жариялады. Билікке үкімет басшысының міндетін атқарушы ретінде Мохаммад Хасан Ахунд келді. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ахунд "Талибан" бақылауындағы аумақта Сыртқы істер министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Ол әскери емес, қозғалыстың діни жағына көбірек әсер етеді. Үкіметте барлығы 20 адам. Орталық банктің басшысы, бас штаб басшысы, әкімшілік басшысы да жаңадан тағайындалды. Сондай-ақ, Ауғанстандағы 2300 медициналық мекеменің 90%-і осы аптада жабылмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.Ұйым өкілі Рик Бреннанның болжамынша,осы себепті елде ауру мен өлім-жітім көбеюі мүмкін.
Л. Қуанышқызы