Русский Сайттың толық нұсқасы

Жатақхана мәселесі қашан шешіледі?

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2021
  • 3455

Алматылық студенттер жатақханаға мұқтаж. Қаладағы 170 мың студенттің 31 мыңы ғана жатақханамен қамтылған. Бүгін нұротандықтар шаһардағы жоғары оқу орындарына барып, арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Студенттер үйінің тапшылығы белді білім ордаларында да шешілмей тұрғанына көз жеткізді.  Жалпы қала бойынша келесі жылдың соңына дейін университеттерде 16 мың орындық 38 жатақхана құрылысы аяқталуы қажет.

Әсия АҚАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жалпы елімізде осы жатахқана мәселесі бұрыннан бері шешімін таппай келеді. Әсіресе Алматы қаласында. Біз мониторинг кезінде неліктен орын жоқ? Немесе неге құрылыс аяқталмай не басталмай келеді деген сұрақтарды көтереміз.


Соңғы үш жылда студенттер қатары артқан Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық университін де жатақхана мәселесі шешілмеген. Білім ордасы 400 орындық жатақхананың құрылысын бастады. Бірақ тұрғындардың шағымынан кейін, басталмай жатып тоқтатап қалды. Қазір мұндағы  студенттердің  8 пайызы ғана жатақханамен қамтылған.

Шыңғыс НҰРЛАНОВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда біздің жатақханаларымызды 1200 ден астам орын бар. Дегенменде жатақханада орын керек деген студенттердің саны 3500 -дей. 2300 ге жуық жатақханадағы орын тапшылығы бар.


Ә. Лесбек