"Астана" чемпиондар лигасы аясында шотландиялық Селтикке қарсы өткен ойынды жеңіспен аяқтады. Алайда, сырт алаңда оңбай ұтылған жерлестеріміздің топтық кезеңге шығуға мүмкіндігі болған жоқ. Қарсылас өз алаңында-ақ ойын тағдырын шешіп тастағандай болған. Алайда, "Астана" өз алаңымызда сауатты ойын көрсетіп, есеп айырмасын қысқарта түсті. Не бары 27-ші минутта допқа талас кезінде Айер өз қақпасына гол соғып алды. Артынша Синклер таразы басын теңестіре алған. Есеп 1:1. Мұнан соң, Мужиков бір, Твумаси екі гол соғып, есеп 4:1-ге жетті. Шотландықтар да есін жиып, 82 және 90-шы минуттарда екі бірдей гол соқты. Есеп 4:3. Астана алда, алайда қос ойын қортындысы бойынша келесі кезеңге "Селтик" жолдама алды. Енді «Астана» Еуропа лигасында ойын көрсетеді. Қарсыластар осы жұма күні белгілі болады.
Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:
Сөз
жоқ, бүгін керемет футбол кеші болды. Футболда қашан да күтпеген жағдай
болатынының тағы бір куәсі болдық. Әсіресе, ойынның екінші кезеңі көпшілікке
ұнаған болу керек. Есеп 4:1 болған кезде, жеңіске бір табан жақын қалып едік.
Алайда, ойын немен аяқталғанын өздеріңіз де көрдіңіздер.