Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы Жолдауда айтылған әрбір мәселені назарда ұстайды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2021
  • 1405

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған міндеттер  талқыланды.  Басым бағыттар сараланып, оны іске асыру жолдары  айтылды.  Сондай-ақ,   фракция отырысында  депутаттар өңірдегі проблемалық құрылыстарға тоқталды. Екінші Павлодар шағын ауданында салынып жатқан  кәріз желісінің  сапасында мін көп. Құбырлар бір-біріне дұрыс жалғанбаған, соның салдарынан ақаулар пайда болған.  Соған байланысты кәріз желісін іске қосу мүмкін болмай тұр. Қазір бұл іспен экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр. Жолдауда айтылған әрбір мәселе  партияның  бақылауында.  


Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN»  ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Халықтың көптен бері көкейінде жүрген айтылып жүрген ауыл, аудан маңындағы жерлерді ықпалды адамдарға беріп қоймай, шаруаларға қайтару дегенді Президентіміз баса айтты. Осындай өзекті мәселелер. Ода қалса, инфляцияны ауыздықтау, баға саясатын тұрақтандыру, бюджетті тиімді қолдану мәселелерін Президентіміз жақсы айтты. Енді бұның орындалуы біз үшін маңызды.


Ө. Қуанар