Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында оқушылар сабақты далада оқып жүр

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2021
  • 3000

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында оқушылар сабақты далада оқып жүр. Мектеп жоқтан емес. Бар, бірақ терезесі ашылмайды. Ауа жоқ сыныптарда ауру жамадық деген ата-аналар, шу көтерді. Олар мектеп басшылығына сан мәрте санитиралық талаптарды оңалтуды сұрап барған. Алайда еш нәтиже жоқ,- дейді.

Құлсарылық Гүлнәз Бағытжанова бастауышта оқитын ұлының осы мектепте ауру жамағанын айтады. Сабақ басталғалы сыныптың ыстық, ауасы тар екенін сан мәрте үйге айтып келіпті.

Гүлнәз БАҒЫТЖАНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мектептің іші ыстық, ауа жоқ. Кеше сабақты бір күн далада, бір күн қайтып іште оқиды. Бүгін келіп тұрған себебім балам ауырып жатыр. Қалшылдап. Үйге келгенде майкасын шешіп аламыз сығып алатындай.

Оқу жылы басталғанына аптадан енді асты. Бірақ ата-аналар балаларын мектептен шығарып алып жатыр. Бұрын бір мыңнан астам оқушы қабылдаған білм ұясында, қазір 700-ге жетпейтін бала бар. Ақ жағалылардан көмек болмаған соң, ата-аналар сыныптарға желдеткіш сатып алып берген.

Сәуле АМАНКЕЛДИЕВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Баяғыда кондерға да ақша жинадық. Кондер да үйлеспейді, қабырғасы кондер құруға келмей ме бірдеңе. Вентелятор да алдық. Түрін істедік осы мектепке. Майка кигізбей ақ қой. Ыссылаймыз ішінде жүрегім қысылады, жүрегім айниды дейді. +талай акиматқа да барды. Мұғалімдер де барды. Ата аналар да барды. Ешқандай өзгеріс жоқ.

Мұғалімдер де тығырыққа тіркелген. Олар ыстық бөлмелерде оқу процесін жүргізуде қиындықтарға тап болғандарын мойындайды. Оқушылар жабық сынып бөлмелерінде есінеп, ұйқыға кететінін айтады. Сондықтан ауызша пәндерді далада өткізуге көшкен.

Жанаргүл ШАРҒАБАЕВА, ҚҰЛСАРЫ қ. №7 Е.ХАЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:
 
Ауызша пән жаратылыстану, дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінде мен далаға шығарып оқытып отырмын көлеңкеге. Өйткені ұйықтады балалар. Балалардың қиналып отырғанын көріп отырмын.  Бәрібір менің айтқан білімімді айтқан ақпаратымды қабылдамайды бала.

Бұл білім ордасы 2003 жылы пайдалануға берілген. Құрылысы басқа мектептерден өзгеше.  Ғимараттағы 50 кабиенттің 10-ында ғана терезе бар. Қалғандарының жарығы төбеден түседі. Ескірген терезелер мүлдем ашылмайтын болған. Мектептегі  желдету жүйесі алғашқы күннен бері істемейді,- дейді директор.

Гүлжансара ТАҢАТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а.:

Желдеткіштерді құру, қондыру қайтадан орналастыру туралы  сметалық-жобалық құжаттамасы жасалып, күні ертең мемеклеттік веб порталға беріледі. Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде мемлекеттік сатып алу арқылы кім жеңімпаз болады, сол адамға біздер  желдеткіш жұмыстарын қосу жұмыстарын бастайды.


Аудандық білім бөлімі, оқу жылын дайындықсыз бастағанға ұқсайды. Ескірген терезелерді ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқанын айтты. Ал оның қашан жөнделіп, балалар қалыпты оқу үрдісіне қосылатынын ешкім айта алмайды.

Б. Нәдірқызы