Таразда тойхана иелері мен жұмысшылары, тойға рұқсат беруді талап етті. Олар екі жылдан бері табысымыздан қағылдық дейді. Жасырын той-томалақтың өтіп жатқанын жасырмайды. Бірақ ол күнделікті тамағымызға ғана жетеді деп отыр. Кәсіп иелерінің талабын аймақтағы әріптесім тындап көрді.
Бір емес үш тойхананың алдына жиналған кәсіпкерлер, екі жылдан бері коммуналдық төлемдерге шығындалып жатқанына ашулы. Онымен қоса несиеміз тағы бар дейді. Сондықтан жұмыс істеуге жол ашып берсін деп талап қойды.
БЛИЦ:
- Біз той жасаймыз, тығылып жасауға тура келіп жатыр. Өйткені біздің кредитіміз бар, жұмысшылардың да.
- Күн көрісіміз қиындап кетті шынын айтқанда. Қазақстан Үкіметінен сұранысымыз осы тойға, тойханаға рұқсат берсін. Көп адам болмаса да 100-150 адамға рұқсат берсін!
Наразы топтың жиналғанын естіген шенеуніктер шу шыққан жерге жедел жетті. Қала әкімінің бір емес екі бірдей орынбасары төбе көрсетті.
Дәулет ӘБІЛҚАЙЫРОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Каждый человек, который болеет спросит «ты где заразился?», «на тое заразился». Как не так! Вы были в больнице? Вы были, когда люди умирают?
Ал, екінші орынбасар тойхана иелерін сабырға шақырды.
Алмас САДУБАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тыңдаңыз! Тыңдаңыз! Заң аясында жұмыс істеуге құлшыныстарыңызды біліп тұрғандарыңызды көріп, естіп тұрмыз. Ойларыңыз, арыздарыңыз облыс басшылығы, министрлік басшылығы, еліміздің басшыларына жеткізіледі.
Бас көтергендер шенділердің сөзін құлағынада ілмеді. Олар той бизнесіне шектеулер тиылмаса, біз облыс әкімдігі ғимаратын алдына барып қонамыз деп бекініп отыр. Ең болмғанда ашық қосымшасы арқылы кіргізсе дейді. Әкімдік шаһардағы 74 мейрамхана қожайындарының арыздары мен ұсындарын мемлекеттік санитарлық дәрігерге жолдаймыз деп уәде етті.
Б. Жұмабайұлы