Русский Сайттың толық нұсқасы

Санкт-Петербург метросында жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2017
  • 2805

Қазақстандық дипломаттар Санкт-Петербург қаласында болған жарылыста отандастарымыздың бар-жоғын анықтап жатыр. Бүгін Санкт-Петербург қаласындағы метроның «Сенная площадь» және «Технологический институт» бекеттерінде жарылыс болды,- деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 10 адам қаза тауып, 50 адам жараланған деген ақпарат бар. Олардың арасында балалар бар көрінеді. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.

Айбек ҚОСАН