Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ағасының мәйітін жеті ай үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2021
  • 3411

Атырауда туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім  жұмыстан шығарылды. Бұл  туралы аймақтың бас ұстазы Сатқан Есенғалиев мәлімдеді.  Облыстық білім  басқармасы басшысының айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының  шақыртуына құлақ аспаған.

Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мектеп әкімшілігі өздерінің педагогикалық кеңестеріне , қорғаншылық кеңестеріне немесе әдеп кеңестеріне шақыртқан бірнеше рет. Сол бойынша шақырту қағаздарын жіберген. Соған аталған педагог  бас тартып келмей отыр шақыртуға. Соған байланысты «Еңбек» кодектерінің талаптарына сәйкес босатып отыр. Әрине ол кісінің құқығы бар шағымдануға.


Естеріңізге салайық,  елдің үрейін ұшырған сұмдық оқиға биыл  қаңтар айында Таңдай ауылында болды. 82 жастағы қарияның мәйіті өз ауласынан табылған.  Бірақ қылмыстық құрам болмауына байланысты полиция істі қысқартқан.  Бірақ   елдімекен  халқы ағасының денесін ұзақ уақыт сақтаған қарындасының, яғни мектеп мұғалімінің жұмыстан кетуін  талап еткен болатын.  Шешім қабылдауда  оқушылардың қауіпсіздігі ескерілді,- деді аймақтың бас ұстазы.  Ал отыз жылдан аса тәжірибесі бар мұғалім  бұған қатысты  сұхбат беруден бас тартты.

Б. Нәдірқызы