Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстандағы қандастарымыз елге жеткізілді

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2021
  • 1713

Ауғанстан аумағындағы 35 қандасымыз атамекенге жеткізілді.   Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орындалды.  Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағында жалпы саны 41 жолаушы  болған, олардың арасында  Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және елімізде  тұрақты тұратын 1 ауған бар.  Жолаушылардың барлығы  уақытша оқшауландырылды.  Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылған.   

Мағауия САРБАСОВ, «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Ауғанстан аумағынан этникалық қазақтардың бірінші легі келіп қонды. Өзіміздің қандастарды Ауғанстаннан шығару мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Сыртқы Істер Министрлігінің ұйымдастыруымен және ҚР Кабулдағы елшіліктің қолдауымен болған еді.

Отанына дін-аман оралғандардың қуанышында шек жоқ.   Олар мемлекет басшысына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Хасан ДЕРМАН, АУҒАНСТАННАН КЕЛГЕН ҚАНДАС:
 
Атамекенге келгеніміз үшін, көмектесіп, арқалап алып келгендері үшін өте рахмет. Бірінші Қазақстан Президентіне, басқа қолы тиген көмектескендерге. Анаммен, екі ініммен, үш қарындасыммен келдім.


А. Лесбек