Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған республикалық семинар-тренинг жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2017
  • 4336

Бүгін Астанада мемлекеттік қызметкерлерге арналған үш күндік семинар-тренинг жұмысын бастады. Шараға Қазақстан халқы ассамблеясы мұрындық болды. Мақсат - Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту" бағдарламасы жүзеге асыру. Тренинг "Қоғамдық сананы жаңғырту: білім беру, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени негіздері мен жүзеге асыру тетіктері" деп аталады. 66 мемлекеттік қызметкерге Президент Әкімшілігі Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Мәдениет және спорт мистрлігінің, Білім және ғылым минстрлігінен сарапшылық кеңес мүшелері мен академияның профессор-оқытушылары дәріс өткізді. Республикалық семинарда Ұлттық код пен қоғамдық сана, латын графикасының мәселері мен болашағы талқыланды.

Айгүл Садвокасова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының орталық  жетекшісі:

Бұл жерде біз нақты латын әліпбиін қазір қалай дайындап жатыр, сол сұрақты қарастырамыз және деректану - бір тарих ғылымының ішінде үлкен бір бағыт. Соған негізделіп тарихи сана-сезімімізді, патриоттығымызды қалай қалыптастырамыз? Міне, осы тақырыптарға арналған.