Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 3 айлық нәрестеге өз әкесі зорлық көрсеткен

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2021
  • 3631

Сұмдық жағдай! Алматыда 3 айлық нәрестеге өзінің туған әкесі зорлық көрсеткен.  Азғынның бұл әрекетін баланы өз қамқорлығына алған қайырымдылық қор жетекшісі мәлімдеді. Оксана Маралованың айтуынша, нәрестенің анасы бұл жағдайға көз жұма қараған. Әріптестім Әсем Лесбек тақырыпты тарқатады.

Әлеуметтік желіге жүктелген бұл  бейнежазба 2-3 күннен бері жұрттың жағасын ұстатты. Қайырымдылық қор жетекшісі Оксана Маралова 3 айлық сәбиді осыдан 1 жыл бұрын көшеден кездестіргенін жазған. Жанында 9 және 12 жастағы ағалары болды дейді. 13 жасар әпкесі де бар көрінеді.

Оксана МАРАЛОВА, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОР ЖЕТЕКШІСІ:

Кішкентай Даша және оның ағаларымен көшеде де кезігіп қалдым. Олар шақалаққа сүт, айран алып беру үшін қайыр сұрап отыр екен. Сәбидің хәлі нашарлап кеткен. Әбден әлсіреген. Анасына хабарласып, балаларды бірден дәрігерге апардым.

Анасы балаларының артынан келуге асықпапты. Хабарласқан да жоқ,  іздемеді де дейді, қор жетекшісі. Сондықтан балаларды қамқорлық мекемесіне орналастырған. Ал үш айлық Дашаға дәрігерлер ота жасау керек екенін  айтқан. Жүрегінде сырқаты бар баланың тыныс алуы қиындаған.

Оксана МАРАЛОВА, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОР ЖЕТЕКШІСІ:

Ота алдында Дашаның жүргегін ауыстырмақ болдым. Сол кезде оның жыныс мүшесінің сау емес екенін байқадым. Дәрігерлерге геморрой ма дегенімде, бірден азғындық жасалған ғой деді.

Оксананың айтуынша, сәбиге мұндай қатыгездік жасаған анасының көңілдесі. Әйелдің өзі де мұны шімірікпестен мойындапты. Бірақ полицияға арыз жазбайтынын айтқан. Безбүйрек анамен біз де тілдесіп көргенімізде сәбиді өзінің туған әкесі қорлады деді.  

Вера БЕЗЛЮДЬКО, ДАШАНЫҢ АНАСЫ:

Дашаға өзінің туған әкесі зорлық көрсеткен. Бірақ ол менің заңды күйеуім емес. Мен Полицияға кейіннен арыз жаздым. Бастапқыда оған сенімді болмадым. Оны құртқан ішімдік.

Қазір келіншек жанармай орталықтарының бірінде жұмыс істеп жүргенін айтады. Ал балаларға баруға әзір мүмкіндік жоқ деді. Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастаған.  

Евгений ЛЫСЕНКО, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып істің мән-жайы анықталуда. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылатын.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Әйтсе де қайырымдылық қор жетекшісі сәбидің анасын  ана құқығынан айыру керектігін айтты. Оксана Маралова қазір мәселені көтеріп, барлық органдарға шағым түсірмек. Баланы анасына да, қамқоршы органдарға да бермеймін дейді.  


Ә. Лесбек