Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған құжат жасағандарға қатысты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2021
  • 1423

Түркістанда бір отбасының бес мүшесі газдан уланып қайтыс болуына жол берді деп айыпталғандарға қатысты сот процесі басталды. Кінәлі деп танылған екеу сол үйге  газ кіргізген қос фирманың өкілі.

Айыптау қорытындысын оқыған прокурордың дерегінше, олардың бірі тұрғын үйге газ құбырларын кіргізген, ал екіншісі жалған техникалық құжат жасап берген. Сотта белгілі болғанындай, бұл шаңыраққа көгілдір отынды ешжерде істемейтін екі дәнекерлеуші кіргізіпті. Құжаттарда сондай-ақ үйден табылған иран пеші де жасырылып, оның орнында талапқа сай қазандық бар және бөлек ғимаратта деп көрсетіліпті.

Анархан БЕКХОЖАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

01.54-шын мәнінде үй ішіне қойылған қазандық пеші ҚР аумағында сертификатталмаған иран камин пеші болып, ол ҚР газ және газ жүйесі туралы заңының талаптарын бұзып, тұрғын үй бөлмесіне қойылған. Сонымен қатар Жүнісов газ құбырының жобасында қазандық пеші орналасқан бөлмеде газ талдағыш датчигі бар сигнализатор қойылған деп жалған көрсетіп, алайда шын мәнінде аталған Түркістан қаласы Бекбарыс көшесі № 26 үйде газ талдағыш датчигі бар сигнализатор қойылмаған.  


Айыпталған екеудің кінәсі дәлелденсе, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, биыл 27-ақпан күні Түркістандағы жеке үйлердің бірінен 41 жастағы келіншек пен оның төрт баласының мәйіті табылған еді. Арнайы жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындысы марқұмдардың өліміне газдан улану себеп болғанын көрсеткен.

А. Төребекқызы