Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда коронавирустың жаңа түрі пайда болды

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2021
  • 2201

Қытайда коронавирустың жаңа түрі пайда болды. Індетке шалдыққандар саны қайтадан көбейе бастады. Елдің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында COVID-19 жұқтырғандар көрсеткіші бір күнде екі есеге өсті. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері эпидемия ошағында қауіптің жоғары екенін хабарлайды. Жұқпалы дертті 50-ге жуық адам жұқтырған. Ал, Путянь қаласы билігінің болжамынша,  вирусты шетелге барғандар әкелген болуы мүмкін. Жалпы, инфекция өзге елден келген адамнан 38 күннен кейін анықталған. Тәжірибе көрсеткендей коронавирустың бұл түрін жұқтыруға балалар бейім көрінеді. 12 жасқа дейінге балалар мен мектеп оқушылары арасында жиі кездесуде. Сенбіден бастап мұнда көлік қатынасына шектеу қойылды.

А. Данияр